«Field Epidemiology Training Program, FETP Frontline» қолданбалы эпидемиологияның базалық бағдарламасының үш айлық курсы шеңберінде 5 елдің тәлімгерлері үшін оқыту өтті.
CDC ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері қатысты. Мақсаты – қадағалау жүйесін жетілдіру, жұқпалы аурулардың алдын алу.
FETP жетілдірілген бағдарламасын бітіргендер тәлімгерлер ретінде тартылды, оның ішінде ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» мониторинг, талдау және халықаралық даму бөлімінің Денсаулық сақтау менеджері Г.Т. Нүкенова.
Айта кету керек, FETP-Frontline бақылау және әрекет ету саласындағы түсініктер мен дағдыларды жақсарту үшін «Бір денсаулық» Қоғамдық денсаулық сақтау принциптерін қолдануға тырысады.
«Орталық Азиядағы One Health – Frontline FETP» бағдарламасы «адам – жануар - қоршаған орта» интерфейсіндегі сектораралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді, сонымен бірге қоғамдық денсаулықты қадағалау және ауруларды зерттеу принциптерін үйретеді.