2024 жылғы 29 сәуірде ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Санитариялық - эпидемиологиялық сараптама орталығының» стратегиялық жоспарлау, мониторинг және қызметті талдау департаменті бактериологиялық зертханалардың қызметкерлеріне менингококк инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша оқу семинар өткізді.
Аталған семинарға ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бактериологиялық зертханаларының қызметкерлері де қатысты.
Менингококк инфекциясы бұл асимптоматикалық тасымалдаудан жалпыланған формаларға дейін әртүрлі клиникалық көріністермен жүретін жіті жұқпалы ауру. Инфекция көзі - ауру адамдар мен бактерия тасымалдаушылар. Көбінесе жас балалар мен жасөспірімдер зардап шегеді.
Семинар барысында менингококк инфекциясын зертханалық диагностикалау мәселелері, оның ішінде материалды алу, жеткізу ережелері, сондай-ақ менингококк инфекциясы кезінде эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.