Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Павлодар облысында стратегиялық жоспарлау, мониторинг және қызметті талдау департаментінің директоры М. Ж. Сұлтанова бастапқы медициналық санитариялық көмек деңгейінде иммундауды ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ медициналық көмек көрсету кезіндегі инфекциялардың алдын алу бойынша және стационарда инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламасын (ИАИБ) енгізу бойынша семинарлар, шеберлік сағаттарын өткізді.
Семинарларға, шеберлік сағаттарына бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мен стационарлардың өкілдері, госпитальдық эпидемиологтардан – 109 адам қатысты.