Басты бетТопырақты бактериологиялық, паразитологиялық талдау

Топырақты бактериологиялық, паразитологиялық талдау

Топырақты бактериологиялық, паразитологиялық талдау

Топырақты талдау оның эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі (топырақта микроорганизмдердің болуы, олардың саны мен түрлері). Топырақта патогендер негізінен, ауру жұқтырған адамдар мен жануарлардың нәжісінен, сондай-ақ мәйіттерден пайда болады. Олар адам немесе жануарлардың ағзасына еніп, әртүрлі жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін, көп жағдайда аурудың ауыр формасына айналып кетеді (мысалы, сіреспе, газды гангрена, әртүрлі гельминтоздар және т.б.). Сондықтан топырақтың сіздің мақсаттарыңызға сәйкес келетінін келмейтінін немесе патогендерден уақтылы құтылу үшін зерттеу жасауды ұсынамыз.

Қандай жағдайларда топыраққа бактериологиялық талдау жасау керек:

1. Күрделі құрылыстың бастапқы кезеңінде жүзеге асырылатын жер учаскесін құрылысқа бөлу кезінде.

2. Учаскеде азық түлікке пайдаланатын дақылдарды өсіру жоспарланған кезде (саяжай, бақша учаскелері, фермерлік шаруашылықтар және т.б.).

3. Инженерлік-экологиялық зерттеулер шеңберінде.

4. Ғимараттарды пайдалануға беру алдында ауланы және өзге де аумақтарды абаттандыру кезінде.

5. Кәріз желісі мен су құбырын төсеу кезінде.

6. Рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланылатын демалыс аймақтарын, жағажайлар, жағалау белдеулері мен көлдерді, өзендерді және өзге де су айдындарын санитариялық қорғау аймақтарын зерттеу процесінде.

7. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі құмсалғыштардағы құмның қауіпсіздігін тексеру үшін.

8. Тазарту жұмыстарын жүргізетін құрылғылардың жұмыс істеу сапасын бақылау үшін жасалу керек.

Топырақты микробиологиялық талдау түрлері

Топырақтың санитариялық-микробиологиялық зерттеулері паразитологиялық, бактериологиялық болып бөлінеді. Сондай-ақ, жоғары қауіпті аймақтарда: балалар ойын алаңдарына, мектептер мен балабақшаларға, орман саябақтарына, скверлерге және су айдындарындағы демалыс аймақтарына кеңейтілген микробиологиялық талдау жүргізу ұсынылады.

Паразитологиялық зерттеуге − дамудың әртүрлі кезеңіндегі әртүрлі гельминттердің жұмыртқаларын (дөңгелек құрт, қамшы құрты, тениидтер), сондай-ақ ішек қарапайымдыларының (лямблия) цисталарын анықтау кіреді.

Топырақты бактериологиялық талдау − оның құрамында бактериялардың бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді:

1) ішек таяқшаларының топтары (ІТТБ немесе ЛІТ);

2) патогенді микроорганизмдер (энтерококктар және сальмонеллалар).

 

            ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» зертханалық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Барлық сұрақтар бойынша клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы Қожамет Шунгульшинге хабарласа аласыз тел. 87779222292