2024 жылғы 17 мамырда ҚР ПІБ Медициналық орталығының "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында" өндірістік бақылау жүргізу және денсаулық сақтау объектілерінде профилактикалық, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және оларды сақтау тақырыбында, Астана қаласының медициналық ұйымдарының қызметкерлеріне арналған оқу-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты медициналық ұйымдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру болып табылады.
Семинар барысында объектілерде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері қаралды, сондай-ақ ауру ошақтарын оқшаулау жөніндегі шаралар, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу бойынша қолданылатын профилактикалық, эпидемияға қарсы шаралар талқыланды.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар Кәсіпорын ұсынатын қызмет түрлерімен танысты.