Басты бет«Қарлығаш» балабақшасының ата-аналары мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

«Қарлығаш» балабақшасының ата-аналары мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

«Қарлығаш» балабақшасының ата-аналары мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді «Қарлығаш» балабақшасының ата-аналары мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді «Қарлығаш» балабақшасының ата-аналары мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

2024 жылғы 04 шілдеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының санитариялық - эпидемиологиялық сараптама орталығының стратегиялық жоспарлау, мониторинг және қызметті талдау департаменті тарапынан «Қарлығаш» балабақшасының ата-аналары мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында балалар арасында ауруларды азайту, профилактикалық іс – шаралар деңгейін арттыру және күшейту үшін балаларды уақтылы вакцинациялау қажеттілігіне баса назар аударылды.

Вакцинопрофилактика тиімділігі бойынша  -  жеке адамның да, тұтастай елдердің халқының да денсаулығын сақтайтын, медицинаның даму тарихындағы ең маңызды жетістік болып табылады. Вакциналардың пайда болуының арқасында адамзат алғаш рет миллиардтаған адамның өмірін құртып, мүгедектікке шалдықтарған инфекцияларды жеңіп, өлім-жітім мен мүгедектікке жол бермеуге мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда вакцинация көмегімен көптеген жұқпалы аурулардан қорғануға болады: қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, А және В вирустық гепатиттері, кене энцефалиті, туберкулез және т. б.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік деңгейде қаржыландырылатын профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес 11 жұқпалы аурудан: туберкулезден, В вирустық гепатиттен, дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден, полиомиелиттен, гемофильді және пневмококкты инфекциядан, қызылшадан, қызамықтан және эпидемиялық паротиттен вакцинопрофилактика жүзеге асырылады. Сонымен қатар, вакцинация 10 инфекцияға қарсы эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі (табиғи - ошақты инфекциялармен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі; инфекция ошақтарында қарым-қатынаста болғандар).

Профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесі шеңберінде халықты уақыттылы вакцинациялау біздің балаларымызды және айналамыздағы адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауды қамтамасыз етеді.