
Кеміргіштер арқылы берілетін жұқпалы аурулар туралы
Қазіргі уақытта тышқандар мен егеуқұйрықтар тарататын аурулар жиі кездеседі. Кеміргіштер адамдардың көзіне түсе қоймайтын жерлерді мекендейді: қоқыс жәшіктері, қойма бөлмелері, қараусыз қалған ғимараттар. Егеуқұйрықтар әртүрлі тамақ өндірістерін және азық-түлік объектілерін мекендегенді жақсы көреді.
Егеуқұйрықтар оба, лептоспироз, Ку безгегі, иерсиниоз, туляремия, сіреспе, құтыру және т.б. сияқты адам денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті, тіпті жиі өлімге әкелетін бірқатар жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болып табылады.
Адам ауруды қалай жұқтырады:
- жертөлелерді, жер асты қоймаларын, жазғы бақша үйлерін жинау кезінде құрамында кеміргіштердің бөлінулері бар шаңды жұтқан кезде; қылшық ағаш, дәрілік шөптер, жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау кезінде; шөп үйінділерінде, сабан маяларында, саятшылықтарда, адамдар тұрмайтын ғимараттарда түнеген кезде;
- кеміргіштерден бөлінген секрециялармен ластанған және алдын ала термиялық өңделмеген су мен тамақ өнімдерін тұтынған кезде;
- кеміргіштермен жанасқан кезде, кеміргіштердің нәжісі мен зәрі терідегі жаралар мен сызаттарға тиген кезде, орманда жеке гигиена ережелерін сақтамаған кезде.
Кеміргіштерден жұғатын арулардың алдын алу
Алдын алудың алғашқысы ол әрине дератизациялық шаралар -егеуқұйрықтарды жою.
Ол үшін дереу дератизациялық іс-шаралармен айналысатын мамандандырылған органдарға хабарласу қажет.
Кеміргіштер мекендейтін жерлерге барғанда абайлап жүріп, сақ болу қажет.
Шаң тудыратын барлық жұмыс түрлерін жасар алдында ылғалданған көп қабатты дәкеден маска тағып, арнайы бөлінген киім мен қолғап кию қажет.
Көкөністер мен жемістерді сақтайтын орындарды кеміргіштердің енуінен қорғауды қамтамасыз етіңіз.
Кеміргіштер зақымдаған тағамдарды жеуге болмайды.
Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз, тамақ дайындамас бұрын, шикі өнімдермен жұмыс істегеннен кейін міндетті түрде қолыңызды жуыңыз.
Жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының дезинсекция, дератизация және дезинфекция бөлімі тарапынан дератизациялық (кеміргіштерге қарсы), дезинсекциялық (жәндіктерге қарсы) іс-шаралар жүргізіледі.
Дератизация – бұл санитариялық-гигиенаны сақтауға және кеміргіштер тасымалдайтын аурулардың таралуын болдырмауға қажетті іс-шара. Дератизация жасау әдісі мен мерзімі – объектінің нақты қажеттіліктеріне мен шарттарына байланысты анықталады.
Біздің мамандар кәсіби дератизацияның түрлі әдістерін меңгерген және шұғыл түрде объектіге шығуға дайын.
Толығырақ ақпарат және консультациялық көмек алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: 8 (7172) 579709 ішкі. (113); 87779222292 ватсап 8 (702) 268 6016