Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында (бұдан әрі-Кәсіпорын) ағымдағы жылдың 6 маусымында Еуропалық комиссия, алыс және жақын шет елдер өкілдерінің қатысуымен Халықаралық тренинг орталығының салтанатты ашылуы өткен болатын.
2024 жылғы 20 тамызда Халықаралық оқыту тренинг орталығы халықаралық институционалдық аккредиттеу туралы куәлікті 5 жыл мерзімге алды.
Кәсіпорын базасында халықаралық сарапшылар болып табылатын практикалық тәжірибесі мол ғылыми қызметкерлер мен мамандардың қатысуымен Педагогикалық кеңес құрылды. Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында халықаралық және практикалық тәжірибе алмасу, оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ететін өндірістік-практикалық базасы бар оқыту бағдарламалары әзірленді.
Оқыту орталығының қызметі медицина қызметкерлерін, бизнес өкілдерін, зертханалық диагностика, Қоғамдық денсаулық сақтау, тамақ және химиялық қауіпсіздік, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу саласындағы өндірушілерді оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған.
Халықаралық институционалдық аккредиттеу Кәсіпорынға халықаралық деңгейге шығуға және халықаралық және ұлттық талаптарға сәйкес оқытуды жүргізуге мүмкіндік береді.
Біздің тренинг орталығына барлық тілек білдірушілерді оқуға шақырамыз.