🏡Үйді дезинсекцияға дайындаймыз!
Егер сіздің үйіңізде шақырылмаған «қонақтар» тарақандар, қандалалар, құмырсқалар немесе қырықаяқтар пайда болса, дезинсекция туралы ойланатын кез келді. Бұл жәндіктерден ұзақ уақытқа құтылудың жалғыз жолы.
Орынжайды қалай дайындаймыз:
✔️Жуып жинап, қоқыстардан тазартыңыз.
✔️Жиһаздарды қабырғадан 40-50 см алыстатып қойыңыз.
✔️Жәндіктер бар шкафтар мен тумбаларды босатыңыз.
✔️Аквариумдар мен террариумдарды жабыңыз.
✔️Орынжайдан адамдар мен жануарларды алшақтатыңыз.
✔️Тамақ өнімдері мен жеке заттарыңызды жақсылап орап қойыңыз.
✔️Барлық бөлмелерге кіруге жағдай жасаңыз.
✔️Бөлме гүлдерінің топырағын пленкамен немесе керамзитпен жабыңыз.
✔️Қабырғалардағы картиналарды, сағаттарды және постерлерді алып тастаңыз.
✔️Қандалаларға күдігіңіз болса кітаптарды да қарап шығыңыз.
Дайындық неғұрлым жақсы болса, мамандардың жұмысы соғұрлым тиімді болмақ.
ҚР ПІБ МО «СЭСО» РМК-нің кәсіпқойлар командасы кәсіби дезинсекцияның түрлі әдістерін меңгерген және объектіге шұғыл шығуға дайын.
Толығырақ ақпарат және кеңес алу үшін мына телефондар арқылы 8 (7172) 579709 ішкі. (113); 87779222292 хабарласуыңызға болады.