Басты бетАстанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық KAZTOX жүйесін енгізу мәс...

Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық KAZTOX жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық KAZTOX жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық KAZTOX жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық KAZTOX жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық KAZTOX жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық KAZTOX жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық KAZTOX жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бірыңғай ұлттық KAZTOX мәліметтер қорын енгізу мәселелері бойынша жиналыс өтті. Іс-шараның бастамашысы  ̶  ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы.

Жиналыс денсаулық сақтау, қорғаныс, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сондай-ақ экология және табиғи ресурстар министрлігін қоса алғанда, негізгі мемлекеттік ведомстволардың өкілдерінің басын қосты.

Кездесудің мақсаты — халық пен қоршаған ортаның қорғанысын нығайтуға мүмкіндік беретін химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай жолын әзірлеу.

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой іс-шараны ашу барыснда: «Соңғы жылдары Қазақстанда химиялық уланулар санының өскендігі байқалып отыр. Бірыңғай мәліметтер қорының жоқтығы осы сияқты оқиғаларға мониторинг жүргізіп, алдын алу үшін қиындықтар туғызады», — деп атап өтті.

Ол, 2024 жылғы маусымда ашылған халықаралық TOXBASE мәліметтер қорына қол жетімділік беретін KazToxBase токсикологиялық ақпараттық орталығы, химиялық улануларды диагностикалау мен емдеуді жақсартуда маңызды рөл атқарғанына назар аударды.

«Алайда, тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін мәліметтерді біріктіру және ел деңгейінде кешенді талдау жасау қажет», — деп өз сөзін толықтырды.

«Бүгінгі кездесу азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғау үшін айрықша маңызға ие. KAZTOX барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіретін негізгі құралға айналады. Жүйенің тиімді жұмысы химиялық апаттардың салдарын азайтып қана қоймай, алдын алу шараларын күшейтеді, бұл болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік негізге айналады», — деді ҚР МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Сауле Шарипова.

KAZTOX жүйесін енгізу — төтенше жағдайларға жедел жауап қату және медициналық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасында үйлестіру жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік беретін химиялық заттар туралы ақпаратты жинақтау және талдау жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтуіміз керек.

Жүйе, азаматтардың денсаулығын қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті сақтауға әсер ететін қауіпсіздіктің жаңа ұлттық стандарттарын әзірлеп енгізуге ықпал етеді деп күтілуде.