Басты бетПестицидтермен уланудың салдарымен күреске арналған халықаралық тренинг

Пестицидтермен уланудың салдарымен күреске арналған халықаралық тренинг

Пестицидтермен уланудың салдарымен күреске  арналған халықаралық тренинг Пестицидтермен уланудың салдарымен күреске  арналған халықаралық тренинг Пестицидтермен уланудың салдарымен күреске  арналған халықаралық тренинг Пестицидтермен уланудың салдарымен күреске  арналған халықаралық тренинг

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметкерлері пестицидтерден улануды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелеріне арналған халықаралық тренингке қатысты. Бұл маңызды шара шетелдік сарапшыларды бір алаңға жинап, өзекті тәсілдерді талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

БҰҰ деректеріне сүйенсек, пестицидтер жыл сайын 200 000-ға жуық өлімге әкелетін жедел улану жағдайларының себебі болып отыр. Сонымен қатар, бұл заттардың ұзақ мерзімді әсері қатерлі ісік, Паркинсон және Альцгеймер аурулары сияқты ауыр дерттерге, сондай-ақ репродуктивтік жүйе бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Мұндай тренингтерге қатысу СЭСО мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, елдегі қауіпсіздік жүйесін нығайтуға да ықпал етеді.

Тренинг барысында мамандар жедел улануларды диагностикалау және емдеу бойынша заманауи халықаралық әдістерді меңгеріп, пестицидтердің адам денсаулығына кері әсерін болдырмау стратегияларын жан-жақты талқылады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы аймақтарында тұратын балалар мен жүкті әйелдер сияқты осал топтарды қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

СЭСО өз қызметкерлерінің әлеуетін арттыруды жүйелі түрде жалғастырып, халықаралық деңгейде алған білімдері мен тәжірибесін Қазақстанда медициналық көмектің сапасын жақсарту және алдын алу шараларын жетілдіру үшін қолдануды мақсат етеді.