Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Түркиядан келген делегацияны қабылдады. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшылары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы өкілдігі және Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері қатысты.
Түркиядан келген мамандар өз елдеріндегі экологиялық және химиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу және оларды жою бағытында жұмыс істейтін ұлттық орталықтардың табысты тәжірибесімен бөлісті. Қонақтарға Орталықтың санитариялық-химиялық және диоксиндік зертханаларының жұмысы таныстырылды. Бұл зертханаларда улы заттарды талдау бойынша заманауи әдістер қолданылуда. Сонымен қатар, «ToxBase» токсикологиялық ақпараттық орталығының пилоттық жобасы ұсынылды.