«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасы Санитариялық-сараптама орталығының мамандарымен бірлесіп, тұрмыстық химия өнімдері мен күнделікті қолданылатын заттардың құрамын зерттеп, олардың қауіпсіздігін тексерді. Ыдыс жуатын сұйықтық пен тіс пастасы сияқты өнімдердің құрамында адам денсаулығына зиянды заттар бар ма?
Зерттеу нәтижелері бойынша, мамандар бұл өнімдердің құрамында айтарлықтай қауіпті қоспаларды анықтаған жоқ. Олардың құрамындағы заттар белгіленген стандарттарға сай келеді.
Сонымен қатар, зерттеу барысында косметикалық өнімдерге де назар аударылды. Мамандар тұтынушылардың денсаулығына әсер етуі мүмкін химиялық қосындыларды анықтауға бағытталған жұмысты жалғастыруда.
Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.