Пестицидтер мен диоксиндер сияқты химиялық заттар ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл заттардың өнімде, суда немесе ауада кездесуі экологияға ғана емес, сіздің компанияңыздың беделіне, қаржылық тұрақтылығына және тұтынушылардың сеніміне де елеулі зиян келтіруі мүмкін.
ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы сіздерді «Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы химиялық заттардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы» тақырыбына арналған Ашық есік күніне шақырады.
Бұл іс-шарада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), мемлекеттік органдар, жетекші салалық мамандарды және бизнес өкілдерінің басын қоспақ. Сіз зертханалық бақылаудың заманауи әдістері арқылы тәуекелдердің алдын алу, халықаралық стандарттарға сай болу және бәсекелестік секілді артықшылықтарға қол жеткізудің жолдарын білетін боласыз. Бағдарлама барысында өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын ұлттық талаптарға және осы қазір тәжірибеге енгізуге болатын практикалық шешімдерге ерекше назар аударылады.
Іс-шараға қатысушылар токсикологиялық, диоксиндік және санитариялық-химиялық зертханаларға барып, бұл саладағы ең озық зерттеулермен танысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл – заманауи технологиялармен танысу, кәсіби сұрақтарды талқылау және саладағы жетекші мамандармен байланыс орнатуға арналған бірегей мүмкіндік.
Бұл іс-шараға қатысу неге маңызды?
• Мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардан құнды сараптамалық ұсыныстар алу
• Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін талқылау
• Инновациялық технологиялардың жұмыс барысын көру
• Серіктестік орнату және жеке кеңес алу мүмкіндігі
Өткізу күні: 2024 жылғы 4 желтоқсан
Өткізу орны: Астана қ., А.Сызғанов көшесі, 3/2, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы
Қосымша ақпарат: Іс-шара бағдарламасы мен қатысу шарттары туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 705 726 25 56.
Бизнесіңізді жаңа биіктерге көтеру үшін бізге қосылыңыз!