Басты бетТалдықорғанда азық-түлік өніміне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің өзекті мәселе...

Талдықорғанда азық-түлік өніміне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды

Талдықорғанда азық-түлік өніміне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды Талдықорғанда азық-түлік өніміне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды

Талдықорғанда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен өндірістік бақылаудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы Жетісу облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

Қатысушылар өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нормативтік талаптарды қолдану және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде ерекше маңызды болатын алдын ала тіркеу зерттеулерін жүргізудің жолдарын талқылады. Жергілікті мамандар бұл алған білімдерін халықтың денсаулығына қатер төндіретін жағдайлардың алдын алу үшін қолданатын болады.

Іс-шараға 116 сала өкілдері, оның ішінде инспекторлар, өндірушілер мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қатысты. Бұл семинар Қазақстанның бес облысында 1500-ден астам маманды қамтыған Орталықтың білім беру бағдарламасының құрамына кіреді. Іс-шара «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды оқыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

          Мұндай іс-шараны өткізу тәуекелдерді азайтып, азық-түлік өнімдерін өндіру мен сатудың барлық кезеңінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі.