Басты бетАстанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды Астанада химиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында «Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы химиялық заттардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы» атты халықаралық семинар өтті. Іс-шараға Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), мемлекеттік органдардың, Қазақстандық стандарттау институтының, Қаптаушылар қауымдастығының, халал-өнімдер мен химиялық заттар өндірушілерінің, сондай-ақ онколог-дәрігерлердің, токсикологтардың және саланың жетекші мамандарының өкілдері жиналды.

Сарапшылар Сараптама орталығының және токсикологиялық ақпараттық орталықтың қызметі туралы баяндамалар ұсынды. ДДҰ өкілдері халықаралық ынтымақтастық қажеттілігін атап өтіп, химиялық заттарды басқарудың жаһандық тәжірибесімен бөлісті. Талқыланатын мәселелердің қатарында: өнімді тіркеу және Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркеу алдындағы сараптама жүргізу, тұрмыстық химияның қауіпсіздігі, диоксиндердің ағзаға әсері және онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері бар.

Құрамында ГМА кездесетін зерттеулерге, улы химикаттарды бақылауға және өнім сапасын арттыру үшін өндірістік мониторингтің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Тауарларды таңбалау ережелері, атап айтқанда өндірушілер тұтынушыларға саналы таңдау жасауға және денсаулыққа қауіп-қатерді азайтуға көмектесетін ықтимал зиянды компоненттерді қоса алғанда, толық құрамды көрсетуге міндетті екендіктері туралы мәселе талқыланды.

Қатысушылардың пікірталастары үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар тұрмыстық химия бойынша стандарттар, заттарды тіркеу және қауіпті химиялық заттардың ағзаға тигізетін әсері туралы сұрақтар қойды.

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің офицері және семинардың модераторы Бибігүл Әубәкірова: «мұндай іс-шаралар осы саладағы ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуда шешуші рөл атқарады. Біз, өзекті мәселелердің бірлескен шешімдерін табу және күш-жігерді үйлестіру жұмыстарын жақсарту үшін кездесулерді жиі жасауымыз керек» - деп атап өтті.

Бағдарлама Сараптама орталығының зертханаларына экскурсия жасаумен аяқталды. Онда қатысушыларға токсикологиялық, диоксиндік және санитариялық-химиялық көрсеткіштерді талдау әдістері көрсетіліп,  бақылаудың инновациялық технологияларын көзбен көруге мүмкіндік берілді.

Халықаралық семинар химиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сарапшылар арасындағы диалог үшін маңызды платформаға айналды. Қатысушылар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында химиялық заттарды қолданумен байланысты тәуекелдерді азайтудың заманауи тәсілдерін талқылап, кейінгі жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілеп алды.