Басты бетДиоксиндердің адам денсаулығына әсері

Диоксиндердің адам денсаулығына әсері

Диоксиндердің адам денсаулығына әсері Диоксиндердің адам денсаулығына әсері Диоксиндердің адам денсаулығына әсері Диоксиндердің адам денсаулығына әсері Диоксиндердің адам денсаулығына әсері Диоксиндердің адам денсаулығына әсері Диоксиндердің адам денсаулығына әсері

Диоксиндердің 90%-дан астамы ағзаға тамақ, әсіресе жануарлардан алынатын – ет, балық және сүт өнімдері арқылы түседі. Тіпті минималды концентрациялар әлсіреген иммунитетте канцерогендік процестер және мутациялар тудырады. Диоксин зақымдарының жеңіл түрінде де адамның шаршауы артады, физикалық және ақыл-ой қабілеті төмендейді, инфекцияларға сезімталдық жоғарылайды.

 

Кәдімгі тұрмыстық жағдайда суды қайнату, кір жуу және майлы ет тағамдарын жеу кезінде де инфекция қаупі бар. Адам ағзасына сумен, тамақпен немесе ауамен түсу зат алмасу процестерінде, жасушалардың бөлінуінде, иммундық және эндокриндік жүйелердің жұмысында үлкен бұзылулар тудырады.

 

Бұнда ең аз диоксин дәнді дақылдарда, көкөністерде, жидектерде және жемістерде жиналатынын есте ұстауымыз керек.

Бұл улы зат болғандықтан қағаз өндіру зауттарында да артық заттардан пайда болады, сондықтан тазалыққа арналған ылғалды майлық, дәретхана қағазы және басқа да гигиеналық заттардан қауіп төндіруі мүмкін. Сарапшыларддың кеңесі бойынша қағаз фабрикаларының жанында немесе қалдықтарды жағу қондырғыларының жанында балық аулауға болмайды. Әсіресе майлы балық қауіпті. Жағдай қолайсыз болса да, мүмкіндігінше экологиялық таза тағамдарды жеп, суды заманауи сенімді сүзгілер арқылы тазартқан дұрыс, өйткені хлорланған су да олардың ағзаға түсуінің көзі болып табылады.

 

Бұндай материалдарды ұзақ сақтау және дұрыс кәдеге жаратпау диоксиндердің бөлінуімен қоршаған ортаны ластауға әкелуі мүмкін. Негізінде қалдықтармен қоршаған ортаны ластамай пайдаға жарату оңай емес. Мұндай материалдар қауіпті қалдықтар ретінде қарастырылуы керек және оларды арнайы жабдықталған қондырғыларда жоғары температурада жағу арқылы жою керек.

 

Диоксиндердің жартылай жетілу кезеңі 11 жылға дейін және олар денеде белсенді түрде жиналады. Сондықтан Қазақстан халқының 50%-дан астамына тамақ арқылы диоксин әсер етуі мүмкін. Кәсіпорындарға қауіпсіздік пен бедел үшін қалдықтар мен санитариялық ережелердің сақталуын бақылау маңызды.