Бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 2024 жыл бойы біздің сенімді серіктестеріміз болған бизнес өкілдеріне, сондай-ақ Орталықтың жұмысымен танысу үшін алғаш рет келген бизнес өкілдеріне есігін айқара ашып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Дастархан басында 2024 жылдың қорытындылары талқыланып, болашаққа жоспар құрылды. Денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері мен стоматологиялық емханалардың иелері өндірістік бақылау аясында бірлесіп жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісіп, Орталық мамандарының жоғары кәсібилігін атап өтті.
Қонақтар Орталықтың негізгі зертханаларын аралауға шақырылды. Экскурсия оларға жұмыс барысын іштен көруге, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен және зерттеу әдістерімен танысуға мүмкіндік берді.
Талқылау барысында ғылыми жобаларды жүргізуге қатысты туындаған жаңа идеялар ̶ ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға негіз болары сөзсіз. Бірнеше компанияның өкілдері Астана қаласында жаңа нысандарды ашатын жоспарларымен бөлісті, ал жобалық ұйымдар Орталыққа зертханалық мониторинг жүргізуге қатысты өз жобаларын ұсынды.
Экскурсия, пікірталас және жылы қарым-қатынас серіктестікті нығайтуға ықпал етіп, 2025 жылға ұзақ мерзімді жоспарлар әзірлеуге септесті.