Басты бетАса қауіпті бактериялық және вирустық инфекциялар зертханасы

Аса қауіпті бактериялық және вирустық инфекциялар зертханасы

 

Аса қауіпті бактериялық және вирустық инфекциялар зертханасының меңгерушісі 


Сарсенгалиева Сания Жаксылыққызы 

 

 

 

Аса қауіпті бактериялық және вирустық   инфекциялар зертханасы Қазақстан Республикасы   ПІБ МО ШЖҚ «Санитариялық-эпидемиологиялық   сараптама орталығы» РМК-ның құрылымдық бөлімшесі   болып табылады. Зертхана 2024 жылғы 13 маусымнан   бастап жұмыс істейді және ІІ–ІV патогендік топтардағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге арналған кең ауқымды рұқсат құжаттарына ие. Қызметкелерде ІІ–ІV патогендік топтардағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге рұқсат алған.

Зертхананың номенклатурасына келесі инфекциялар бойынша зерттеулер кіреді: бруцеллез, сібір жарасы, туляремия, холера, коронавирустық инфекциялар (SARS-CoV-2 – қорғалатын тұлғаларға зерттеу жүргізу үшін), Ку безгегі, қызбалы аурулар (Денге, Батыс Ніл, Чикунгунья, сары безгек), ҚКГЛ (Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы), ГЛПС (геморрагиялық қызба бүйрек синдромымен), кене энцефалиті, иерсиниоз/псевдотуберкулез, лептоспироз, легионеллез, пастереллез, боррелиоз, риккетсиоздар, энтеровирустар, ротавирустар, жедел ішек инфекциялары (ЖІИ), листериоз, тұмау А/В, А, В, С гепатиттері, қызылша, қызамық, паротит.

Зертханада келесі әдістермен зерттеулер жүргізіледі (бір үлгіге есептелген уақыт көрсетілген):

  1. Бактериологиялық әдіс – сұйық және қатты қоректік орталарға егу (зерттелетін қоздырғышқа байланысты уақыты 18–24 сағаттан басталып, листериозда 10 күнге дейін, бруцеллезге гемокультурада 30 күнге дейін созылады);
  2. Серологиялық әдіс – антиген мен антидененің өзара әрекеттесуі арқылы (қоздырғышқа байланысты – 2 сағаттан 18 сағатқа дейін);
  3. Молекулалық-генетикалық әдіс – қоздырғыштың генін анықтау арқылы (уақыты 2–4 сағат);
  4. Биологиялық әдіс – биосынақ жануарларын жұқтыру (вскрытие) арқылы (уақыты 24 сағаттан бірнеше күнге дейін);
  5. Микроскопиялық әдіс – микроскоп арқылы, 10 минут;
  6. Иммуноферменттік талдау – 2–3 сағат;
  7. Жедел әдістер (экспресс-әдістер) – 15–90 минут.