Басты бетБілім беру мекемелеріндегі орынжайлардың ауасы денсаулық пен білім алуға қалай әсер етеді?

Білім беру мекемелеріндегі орынжайлардың ауасы денсаулық пен білім алуға қалай әсер етеді?

Білім беру мекемелеріндегі орынжайлардың  ауасы денсаулық пен білім алуға қалай әсер етеді? Білім беру мекемелеріндегі орынжайлардың  ауасы денсаулық пен білім алуға қалай әсер етеді? Білім беру мекемелеріндегі орынжайлардың  ауасы денсаулық пен білім алуға қалай әсер етеді?

Білім беру мекемелерінің оржайларындағы ауа деңгейі қолайлы жағдайда болуы керек және оқушылардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне тікелей әсер етпеуі керек. Бөлме ішіндегі ауа сапасының нашарлығы білім алушыларға ауру тудырып қана қоймай, сонымен қатар, соңғы зерттеулер олардың оқу қабілетінің төмендейтінін көрсетті.

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының радиология және аспаптық өлшемдер зертханасының меңгерушісі Сұңғат Мұратханұлы оқу кабинеттері мен аудиториялардағы тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайды сақтау маңызды екенін атап өтті.

Неліктен бұл маңызды?

Тиісті желдеткіші жоқ жабық кеңістіктерде көмірқышқыл газы, шаң және басқа ластаушы заттар жиналады. Бұл төсенде көрсетілген салдарға әкелуі мүмкін:

  • Шаршау және концентрацияның төмендеуі

Көмірқышқыл газының жоғары деңгейі бас ауруын, шаршауды және зейін қоюда қиындықтар тудырады, бұл оқу процесіне кері әсер етеді.

  • Инфекцияның таралуы

Ауаның жеткіліксіз алмасуы микробтар мен вирустардың жиналуына ықпал етеді, бұл жұқпалы аурулардың қаупін арттырады.

  • Аллергия және тыныс алу проблемалары

Ауаның ластануы, шаң мен құрылыс материалдарының қалдықтары аллергия тудыруына немесе созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін.

Таза ауаны қамтамасыз етудегі Орталықтың рөлі

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы білім беру мекемелеріндегі ауаның сапасына кәсіби мониторинг жүргізу жұмыстарымен айналысады. Өлшеулермен зерттеу жұмыстары ауытқуларды анықтау және мәселені шешу үшін деректерді беру мақсатында жүргізіледі.

Сұңғат Мұратханұлы былай деп баса айтады:

«Біздің міндетіміз – дәл өлшеу жұмыстарын жүргізу және білім беру мекемелеріндегі ауа сапасының жай-күйі туралы объективті ақпарат беру. Бұл білім беру мекемелерінің басшылығына анықталған мәселелерді жою үшін дер кезінде шаралар қабылдауға көмектеседі».

Қауіпсіз оқу ортасын құру

Сыныптар мен аудиториялардағы жоғары сапалы ауа алмасу жай ғана жайлылық емес. Бұл мықты денсаулық пен табысты оқудың негізі. Тұрақты өлшеулер ықтимал қауіптерді анықтауға және білім алушылармен мен мұғалімдер үшін қауіпсіз жағдайларды сақтауға көмектеседі.

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары ауаның жай-күйіне нақты талдау жасауды қамтамасыз ету және сапалы ауаны қамтамасыз ету үшін білім беру мекемелерінің өтініштеріне жедел жауап беруге дайын.

Орынжайдағы ауаның сапасына қамқорлық жасау  ̶ болашақ ұрпақтың қамын ойлау.