Басты бетТранс майлар: денсаулыққа қалай әсер етеді және оларды қалай анықтауға болады?

Транс майлар: денсаулыққа қалай әсер етеді және оларды қалай анықтауға болады?

Транс майлар: денсаулыққа қалай әсер етеді және оларды қалай анықтауға болады?

Сіз дұрыс тамақтануға қанша тырыссаңыз да, тағамның құрамында болу мүмкін транс майлар бұл жасырын қауіп. Олар неге қауіпті мен оларды қалай анықтайды және осы ретте ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының санитариялық-химиялық зертханасы қандай рөл атқаратынын санитариялық дәрігер Рустам Әлиасқаров толығырақ айтып береді.

Транс майлар дегеніміз не және олар не үшін қауіпті саналады?

– Транс майлар  ̶ гидрогенизация арқылы сұйық өсімдік майларының тұрақты болуы үшін жасанды жолмен өзгертілген май қышқылдары. Бұл дегеніміз сұйық майды қатты майға айналдыратын технология, ол маргарин, нан өнімдері, және басқа да ұзақ сақталатын өнімдер үшін ыңғайлы етеді, - деп түсіндіреді Рустам Әлиасқаров.

Алайда, оларды пайдануы ыңғайлы болғанымен, транс майлар адам ағзасына қауіп төндіреді. Олар нашар холестерин деңгейін жоғарлатып, ал жақсы холестериннің деңгейін төмендететіндіктен атеросклероз, инфаркт пен инсульттің дамуына ықпал етеді. Транс майлар созылмалы қабынулар мен қант диабетін тудыруы мүмкін, және дене жасушаларының жұмысына теріс әсер етеді.

Транс майлар қандай өнімдерде жиі кездеседі?

– Транс майлардың ең көп мөлшері:

• маргариндерде;

• өнеркәсіпте дайындалатын  кекстерде, піспенандарда, тортшаларда;

• фастфудта – фри картоптарында, бургерлерде;

• тіскебасар өнімдерінде - чипсыларда, крекерлерде;

• жартылай фабрикаттарда – мұздатылған пиццаларда, котлеттерде, бәліштерде.

Өсімдік майларындағы транс майлар өндіріс мақсаты емес, ішінара гидрогенезациялау процесінің жанама өнімі болып табылады. Гидрогенезациялау процесінің мақсаты сұйық өсімдік майын қатты немесе жартылай қатты түрге айналдыру арқылы майдың құрылымы мен тұрақтылығын жақсарту болып табылады. Бұл маргарин сияқты өнімдерді қолдануға ыңғайлы етеді және олардың сақтау мерзімін ұзартады. Алайда, ішінара гидрогенезациялау процесі кезінде май қышқылдары транс-изомерлер құрып, құрылымын өзгерте алады. Заманауи технологиялар транс майларды барынша азайтуға немесе оларды пайдалануды толығымен жоюға бағытталған, оларды интерсертификация сияқты балама процестермен алмастырады.

Транс майларды өзіміз анықтай аламыз ба?

– Көбіне транс майлар қаптамада «гидрогенезацияланған майлар» немесе «жартылай гидрогенезацияланған майлар» деген атаулармен көрсетіледі. Егер сіз өнімнің құрамында осы терминдерді байқасаңыз, бұл өнім қауіпті деген белгі, деп ескертеді санитариялық дәрігер.

Дегенмен, тіпті қаптамадағы нұсқаулар да толық мағлұматты бере алмайды. Транс майлардың құрамын дәл анықтау үшін зертханалық зерттеулер қажет, біз оны Орталықтың санитариялық-химиялық зертханасында жүргіземіз.

Зертханада транс майларды қалай анықтайды?

         Біздің зертхана транс майлардың бар-жоғын дәл анықтауға және өнімдердің сапасын тексеруге мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Біз бірнеше әдістерді қолданамыз:

         1.       Йод саны. Бұл көрсеткіш майлардың құрамындағы қанықпаған май байланыстарының санын көрсетеді. Йод саны төмен болса: өнімде қаныққан майдың немесе транс майлар көп екенін көрсетеді;

         2. Газды хроматографиясы. Үлгідегі транс майлардың құрамындағы майлардың транс өлшемдерін дәл анықтау әдісі;

         3. Спектрлік талдау. Май молекулаларының құрылымындағы өзгерістерді анықтау үшін қолданылады;

Бұл әдістер транс майларды анықтауға ғана емес, сонымен қатар олардың өндірісте қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер мен тұтынушылар транс майлардан қалай қорғана алады?

Кәсіпкерлер үшін:

•   Шикізат пен дайын өнімдердің құрамында транс майлардың бар-жоғын үнемі тексеріп отырыңыз. Бұл заң талабы ғана емес, тұтынушылардың сенімділігінің кепілі.

• Табиғи майларды пайдаланыңыз және қауіпсіздік стандарттарын сақтаңыз. Орталықта біз сіздің өнімдеріңіздің сапасын бағалау үшін зертханалық қызметтердің толық кешенін ұсынамыз.

Тұтынушылар үшін:

• Азық-түлік жапсырмаларындағы өнімнің құрамын оқып шығыңыз және құрамында гидрогенезацияланған майлары бар өнімдерден аулақ болыңыз.

• Зәйтүн, зығыр немесе кокос жаңғағының майы сияқты табиғи, суық сығымдалған майларды таңдаңыз.

• Фаст-фуд, өңделген тағамдар мен өнеркәсіптік нан өнімдерін тұтынуды азайтыңыз.

Өнімдердің сапасына күмәніңіз болса, оларды тексеру үшін біздің Орталыққа хабарласуыңызға болады.

Санитариялық-химиялық зертхана қандай рөл атқарады?

– Тамақ өнімдерінің сапасын бақылайтын негізгі инструменттердің бірі – санитариялық-химиялық зертхана. Біз транс майлар мен басқа да зиянды заттарды анықтайтын зерттеулер жүргіземіз, сонымен қатар өндірушілерге олардың өнімдерінің сапасын жақсарту бойынша кеңестер береміз, - дейді Рустам Әлиасқаров.

Біз Кәсіпкерлерге қауіпсіздік стандарттарына сай болуға және олардың беделін сақтауға көмектесеміз және тұтынушылар өнімді таңдаған кезде сенімді болуына көмектесеміз.

Оқырмандарға арналған ұсыныстар

– Денсаулықты күту саналы таңдау жасаудан басталады. Саналы таңдау кәсіпкерлер үшін – өнімді мұқият қарау және сенімді зертханалармен бірге жұмыс істеу дегенді білдіреді. Тұтынушылар үшін – тағамның құрамын мұқият оқыңыз және сапасыз өңделген тағамдардан аулақ болыңыз.

Гер сіз өз өнімдеріңізге талдау жасағыңыз келсе немесе өнім сапасын тексергіңіз келсе, ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына хабарласыңыз. Біз сіздің рационыңызды қауіпсіз етуге көмектесеміз!