
Теріңіздің үнемі бөрітіп, тұрақты хлоракненің пайда болғанын және әдеттегі емдеу әдістері көмектеспейтінін байқадыңыз ба? Бұл гормондардан немесе қате күтім жасаудан болған жоқ, мәселенің бәрі диоксиндерде. Диоксиндер - бізді барлық жерде қоршайтын қауіпті токсиндер.
Диоксиндер дегеніміз не және олар қайдан келеді?
Диоксиндер адамзатқа белгілі ең улы заттардың бірі болып табылады. Олар жылдам бұзылады, майлы жерлерде жиналады және организмге негізінен тамақпен түседі. Бүгінгі күні диоксиндер тіпті Антарктика мұзында да кездеседі, яғни олардан толығымен құтылу мүмкін емес.
Диоксиндерді жұқтыру жолдары:
🔥 Жанып жатқан полигондар мен қалдықтарды өртеу
🏭 Мұнай өңдеу орындарынан және металлургиялық зауыттардан шығарылатын заттар
🚗 Автокөліктен шығатын газдар
🔥🌲Орман өрттері
Неліктен диоксиндер қауіпті?
Диоксиндердің мөлшері аз болсада, денеге айтарлықтай зиян келтіреді. Олар ішкі органдарға, бірақ ең алдымен бауырға және теріге шабуыл жасайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, диоксинмен уланудың бірден-бір спецификалық симптомы – хлоракне, 80-90% жағдайда кездеседі, емі ауыр болып келеді.
Диоксиндер теріге қалай әсер етеді?
Диоксиндердің үлкен дозасы организмге түсіп, 10-14 күннен кейін теріде хлоракне пайда болады. Әдетте қара нүктелер арқылы білінеді, ескертетін жайт, олар қарапайым жолмен емделмейді.
Уланудың басқа да белгілері:
⚠ Бауыр және асқазан-ішек жолдарының бұзылуы
⚠ Салмақтың азайып, тәбеттің төмендеуі
⚠ Бас ауруы, депрессия, ұйқысыздық
⚠ Жыныстық дисфункция және көру, есту, дәм сезу мүшелерінің бұзылуы
Диоксиндер организмнен өте баяу жойылады – олардың жарым жартылай болсын ағзадан шығару кезеңі 7 жылдан 11 жылға дейін.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Диоксиндердің 90%-дан астамы организмге тамақ арқылы түседі.
Қауіптерді азайту үшін:
✅ Еттің құрамындағы майды алып тастаңыз –диоксиндер майда көп жиналады
✅ Майы аз сүт өнімдерін таңдаңыз
✅ Тазартылған суды пайдаланыңыз
✅ Құрамында хлор қосылыстары бар қаптамалардан аулақ болыңыз
Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығы мықты болсын!