Басты бетБіліктілікті бағалау сапасын арттыруға бағытталған қадам

Біліктілікті бағалау сапасын арттыруға бағытталған қадам

Біліктілікті бағалау сапасын арттыруға бағытталған қадам Біліктілікті бағалау сапасын арттыруға бағытталған қадам Біліктілікті бағалау сапасын арттыруға бағытталған қадам Біліктілікті бағалау сапасын арттыруға бағытталған қадам Біліктілікті бағалау сапасын арттыруға бағытталған қадам

2024 жылы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында (СЭСО) 4 106 маман кәсіби оқыту мен қайта даярлаудан өтті. Бағдарламалар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, зертханалық зерттеулер және саланың басқа да өзекті мәселелерін қамтыды.

Қазіргі уақытта Орталық біліктілікті бағалау провайдері ретінде аккредиттеуге белсенді дайындалуда. Әсіресе, зертханалық қызмет мамандарына ерекше назар аударылуда, өйткені олардың кәсібилігі зерттеулердің дәлдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Осы мақсатта СЭСО-да оқыту семинарлары ұйымдастырылып, мамандар біліктілікті бағалаудың негізгі талаптарын терең меңгеруде. Семинар барысында олар тәжірибелік кейстерді талдап, алынған білімдерін өз қызметіне бейімдеуге мүмкіндік алуда.

Оқу нәтижесінде әзірленген жаңа әдістемелер СЭСО зертханаларының жұмысына енгізіліп, зертханалық зерттеулердің сапасын одан әрі арттыруға және біліктілікті бағалаудың халықаралық стандарттарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.