



Бүгінде суды тікелей краннан ішетіндер аз, көпшілігі сүзгіден өткен немесе бөтелкедегі суды таңдайды. Бірақ бұл су шынымен таза ма? Сүзу немесе бөтелкеге құйылғаннан кейін де қажетсіз қоспалар сақталуы мүмкін. Сіздің сүзгіңіз қаншалықты тиімді? Бөтелкедегі судың сапасы талаптарға сай ма? Заманауи зертханалық талдау әдістері осы сұрақтарға нақты жауап беруге көмектеседі.
Суды талдау әдістері – сапаны қамтамасыз ететін технологиялар
Спектрофотометрия: көзге көрінбейтіндерді көрсететін құрылғы
Бұл әдіс суға арналған рентген сияқты. Ол судың жарықты сіңіру қабілетіне талдау жасау арқылы хлоридтерді, нитраттарды, фосфаттарды және органикалық қосылыстарды анықтайды. Алайда, бұл тек айсбергтің ұшы ғана.
Алдыңғы қатарлы зертханалар индуктивті байланысқан плазмалық (ISP) масс-спектрометрия әдісін қолданады, ол дәстүрлі әдістермен анықтау қиынға соғатын аз элементтерді де дәл анықтай алады.
Хроматография: талдау әлеміндегі детектив.
Пестицидтер, улы органикалық қосылыстар және өнеркәсіптік ластаушы заттар тіпті ең қымбат бөтелкедегі суда да болуы мүмкін. Газды және сұйықтықты хроматография күрделі қоспаларды молекулаларға бөліп, ықтимал қауіптерді анықтайды.
Ионды хроматография: минералдардың балансын бақылау
Бұл әдіс судың құрамындағы кальций, магний, натрий, калий, сульфаттар мен нитраттарды анықтайды, бұл судың минералды құрам бойынша талаптарға қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға мүмкіндік береді.
Фотометрия: мінсіз дәлдік.
Spectroquant Nova 60 сияқты заманауи фотометрлер еш қатесіз, су сапасының 130-дан астам параметрін жоғары дәлдікпен талдайды.
Индикаторлық тест-жолақтар: жедел талдау әдісі.
Жылдам нәтиже қажет болғанда, сынақ жолақтары рН деңгейін, судың кермектігін және хлордың болуын жедел анықтауға мүмкіндік береді. Олар көбінесе өндірістік зертханаларда және тұрмыстық суды экспресс-талдау үшін қолданылады.
Суды неліктен зертханада талдау маңызды?
Егер сіз сүзгіден өткізілген суды немесе бөтелкедегі суды ішсеңіз де, оның стандарттарға толық сәйкес келетініне кепілдік жоқ. Зертханалық талдау сізге көмектесе алады:
- Сүзу жүйесінің тиімділігін бағалау.
- Бөтелкедегі судың сапасын тексеру.
- Ықтимал ластаушы заттарды анықтау және әрекет ету.
Алайда, судың қауіпсіздігі тек оның химиялық құрамымен шектелмейді. Физикалық-химиялық көрсеткіштерді бағалаумен қатар, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін микробиологиялық, паразиттік және вирусологиялық факторларды да ескеру қажет.
Егер сіз тұтынатын судың сапасына толық сенімді болғыңыз келсе, кәсіби мамандардың көмегіне жүгініңіз. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханалары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал біздің мамандар су қауіпсіздігіне кешенді талдау жүргізіп, оның сапасы туралы толық әрі сенімді ақпарат ұсынуға дайын.