Басты бетКонтрафактіге тосқауыл: Референс-зертхана — сапа мен қауіпсіздіктің кепілі

Контрафактіге тосқауыл: Референс-зертхана — сапа мен қауіпсіздіктің кепілі

Контрафактіге тосқауыл: Референс-зертхана — сапа мен қауіпсіздіктің кепілі Контрафактіге тосқауыл: Референс-зертхана — сапа мен қауіпсіздіктің кепілі Контрафактіге тосқауыл: Референс-зертхана — сапа мен қауіпсіздіктің кепілі

Бүгінде зияткерлік меншік құқығын қорғау – жай ғана құқықтық талап емес, ел шекарасынан өтетін әрбір тауардың қауіпсіздігі мен заңдылығын қамтамасыз етуде шешуші мәнге ие. Контрафактілік өнім кейде көз тартарлық сапалы қаптаманың тасасында тұрып, тұтынушыны оңай алдай алады. Мұндай қауіптің бетін тек терең әрі сенімді сараптамалық зерттеулер арқылы ғана қайтаруға болады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы жанындағы Референс-зертханасы Жетісу облысындағы «Алтынкөл–жол» кеден бекетінде өткен ведомствоаралық семинарға қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Семинар аясында кеден органдарының қызметкерлері, заңгерлер мен техникалық сарапшылар зияткерлік меншік нысандарына құқықтық қорғау тетіктерін күшейту, сондай-ақ контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу жолдарын жан-жақты талқылады.

Референс-зертхананың мамандары кедендік бақылаудан өтетін өнімдерге қойылатын алдын ала тіркеу талаптарын жан-жақты түсіндіре отырып, аккредиттелген зертхананың техникалық және сараптамалық мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен қатар, жүргізілетін зерттеулердің бағыты, қолданыстағы талдау әдістері және зертханалық диагностиканың тауардың түпнұсқалығын анықтаудағы, сондай-ақ оның нормативтік талаптарға сәйкестігін растаудағы маңызды рөлі кеңінен сипатталды.

Зертханалық сараптама – бұл тек формальды рәсім емес, тұтынушы құқығын қорғауға, адал кәсіпкерлікті қолдауға және тауар айналымының барлық кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған пәрменді тетік. Семинар барысында біз сараптамалық зерттеулердің практикалық маңызын, салалық өзектілігін және заманауи талаптарға сай болуын ерекше атап өттік.

Осындай кәсіби пікір алмасу алаңын ұйымдастырғаны үшін іс-шараның ұйымдастырушыларына шынайы алғысымызды білдіреміз. Мұндай кездесулер – медицина, кедендік бақылау және құқықтық сараптама сынды маңызды салалардың тоғысар тұсында өзара түсіністік пен тиімді ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етеді деп сенеміз.

Біздің Референс-зертхана ынтымақтастыққа әрдайым ашық. Біз мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінен келіп түскен өтінімдер негізінде зертханалық зерттеулер жүргізуге, оқу-білім беру іс-шараларына белсенді қатысуға және кәсіби кеңес ұсынуға дайынбыз.

Біздің ең басты әрі ортақ мақсатымыз – өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тұтынушының құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың талаптары мүлтіксіз сақталуына жәрдемдесу.