Басты бетДуальді білім және ғылымның өндірістік ортамен ұштасуы: АМУ студенттері Референс-зертханада тәжір...

Дуальді білім және ғылымның өндірістік ортамен ұштасуы: АМУ студенттері Референс-зертханада тәжірибесін сәтті қорғады

Дуальді білім және ғылымның өндірістік ортамен ұштасуы: АМУ студенттері Референс-зертханада тәжірибесін сәтті қорғады Дуальді білім және ғылымның өндірістік ортамен ұштасуы: АМУ студенттері Референс-зертханада тәжірибесін сәтті қорғады Дуальді білім және ғылымның өндірістік ортамен ұштасуы: АМУ студенттері Референс-зертханада тәжірибесін сәтті қорғады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Референс-зертхана еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары және ғылыми мекемелермен серіктестігін біртіндеп нығайтып келеді. Зертхана жұмысының басты бағдарларының бірі — тәжірибеге сүйенген оқытуды дамыту әрі болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін өндірістік ортада шыңдауға мүмкіндік жасау.

Бүгін Астана медицина университетінің студенттері Референс-зертханада өткен оқу-өндірістік тәжірибелерінің нәтижесін сәтті қорғап, алғашқы кәсіби қадамдарын нақтылай түсті. Олар заманауи зертханалық әдістерге сүйене отырып әзірлеген жобаларын ұсынып, алған білімдері мен дағдыларын нақты іспен дәлелдеді. Бұл жолда оларға Референс-зертхананың тәжірибелі мамандары ғылыми жетекшілік жасап, бағыт-бағдар көрсетіп отырды.

Бұл бастама Референс-зертхана мен Астана медицина университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде жүзеге асты. Оқу үдерісі дуальді білім беру моделіне құрылған — яғни, теория мен тәжірибені сабақтастыра отырып, студенттерді кәсіби ортаға жүйелі бейімдеуді мақсат етеді. Мұндай тәсіл жас мамандарға тек білімін тереңдете түсіп қана қоймай, зертханалық қызметтің нақты талаптары мен жауапкершілік салмағын іс жүзінде сезініп, болашақ кәсібінің болмысын жақыннан тануға жол ашады. Тәжірибе барысында белсенділік танытып, өз жұмыстарын жоғары деңгейде қорғаған студенттерге Референс-зертханаға жұмысқа орналасу жөнінде ұсыныс жасады.

Болашақ мамандарды даярлау ісіне үлес қосу — Референс-зертхана үшін стратегиялық маңызы бар маңызды міндет. Біз білім беру үдерісі өмірмен тығыз байланыста болып, тәжірибеге негізделіп, нақты нәтижеге бағытталуы керек деп есептейміз. Студенттерге қолдау көрсету және оларды кәсіби ортамен ертерек таныстыру — қазіргі заман талаптарына толық сай, жан-жақты дайындалған білікті мамандарды қалыптастырудың негізі.

Астана медицина университетінен өзге, Референс-зертхана Назарбаев Университетімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтымен, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен де серіктестік байланыс орнатқан. Мұндай әріптестік оқу бағдарламаларының аясын кеңейтіп қана қоймай, денсаулық сақтау және оған іргелес салаларға қажет ғылыми әлеуеті жоғары мамандарды даярлауға жол ашады.