Басты бетЖеңіске бастар командалық рух - спорт алаңындағы жарқын сәттер

Жеңіске бастар командалық рух - спорт алаңындағы жарқын сәттер

Жеңіске бастар командалық рух - спорт алаңындағы жарқын сәттер Жеңіске бастар командалық рух - спорт алаңындағы жарқын сәттер Жеңіске бастар командалық рух - спорт алаңындағы жарқын сәттер Жеңіске бастар командалық рух - спорт алаңындағы жарқын сәттер

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында өткен спорттық сайыстарда Референс-зертхананың қызметкерлері жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, кәсіби шеберлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Мини-футболдан өткен тартысты да тартымды жарыста біздің команда жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл жеңіс – спортшыларымыздың жоғары деңгейдегі дайындығының, өзара түсіністігі мен мызғымас командалық рухының айқын дәлелі. Жарыс достық пен жігерге толы, серпінді атмосферада өтті. Референс-зертхана ұжымы бұл додада абыроймен өнер көрсетіп, күміс кубокты иеленді.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы жүзу сайысында Назгүл Құсайынқызы жүлделі үшінші орынды иеленіп, өз нәтижесімен ерекше көзге түсті. Бұл жеңіс - оның табандылығының, төзімділігі мен үздіксіз даму жолындағы талпынысының жарқын көрінісі.

Жарысты ұйымдастырған жандар мен белсене қатысқан барлық қатысушыларға жүрекжарды алғысымызды білдіреміз! Достық пен өзара қолдауға толы бұл күн бізге ұмытылмас әсер сыйлап, ұжымдық рухымызды бұрынғыдан да бекемдеді. Финалдық ысқырық шалынып, жарыс мәресіне жеткенімен, сол жігер мен шабыт әлі де біздің жүрегімізде!