




Кейде әлемнің қандай болу керектігін көру үшін тек баланың суретіне көз салу жеткілікті.
Балаларды қорғау күніне орай Референс-зертханасы қызметкерлерінің балалары өздері үшін қымбат, жүректеріне жақын нәрселерді салды: үй, күн, арман, махаббат.
Әр сурет - жарық, мейірімге толы, қауіпсіз болашаққа ашылған терезе іспетті.
Шынайы сезімдері мен жан жылуын сурет арқылы жеткізген кішкентай суретшілерімізге алғысымыз шексіз.
Әр баланың сурет салғысы келетін, армандайтын өз әлемі болғай!