ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК өндірістік бақылау бойынша зерттеулердің барлық түрлерін жүргізеді.
Кәсіпорын ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зерттеулерінің құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» және ILAC жүйесінде аккредиттелген, бұл халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды,ISO/IEC 17043 -2013 бойынша провайдер болып табылады.
Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін жоғары дәлдіктегі заманауи жабдықтары қолданады.
Өндірістік бақылау (ӨБ) – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар кешені, оның ішінде өндірілетін өнімді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді зертханалық зерттеулер мен сынақтар.
Бүгінгі күні ӨБ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 51-бабын (2020 жылғы 07 шілде), ҚР ДСМ № 62, 220, 152 бұйрықтарыніске асырудың міндетті рәсімі болып табылады.
Жүргізілетін өндірістік бақылаудың уақтылығы, дұрыстығы және толықтығы үшін жауапкершілік заңды тұлғаның басшысына және дара кәсіпкерге жүктеледі.
Анықтама: Өндірістік бақылаудың жоқтығы үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабында айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.
Кәсіпорынмен толық қызмет көрсетіледі (ӨБ бағдарламасын әзірлеу, зертханалық сүйемелдеу, гигиеналық оқыту және т.б.).
Өндірістік бақылау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Кәсіпорынның клиенттермен жұмыс бөліміне +7 778 100 4278 телефон номері арқылы хабарласыңыз.
Сауатты және толыққанды өндірістік бақылауды ұйымдастыру эпидемиялық жағдайлардың туындауын болдырмауға ықпал етеді, өндірістік қызмет тәуекелдерін азайтады, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттырады.