



Күнделікті тұрмыста да, өндірісте де дезинфекциялық құралдар гигиенаның маңызды құрамдас бөлігіне айналғанына ұзақ жыл болды. Дегенмен, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық Орталығы жанындағы Референс-зертхананың мамандарының ескертулерінше, сертификатталған дезинфекциялық заттар да дұрыс қолданылмаса, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
Көптеген дезинфекциялық заттар құрамында хлор, спирттер немесе төрттік аммоний қосылыстары болады. Бұл заттар микробтарды тиімді жояды, алайда тері мен тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін, тіпті уытты әсер беру қаупі де бар. «Қауіпсіздік — бұл тек қана құрам емес, сонымен қатар қолдану мәдениеті», — дейді фельдшер-зертханашы Саламат Жаникулова.
Әрбір дезинфекциялық құрал сатылымға шықпас бұрын санитариялық-химиялық және токсикологиялық сараптамадан өтеді. Зертханада оның pH деңгейі, белсенді заттардың концентрациясы, иісі, сыртқы көрінісі бағаланады, сондай-ақ тітіркендіргіш және сезімталдық тудыру қасиеттеріне сынақ жүргізіледі.
Мамандар дезинфекциялық заттарды дұрыс сақтау, мөлшерін дәл есептеу және қолдану ережелерін мұқият ұстанудың маңыздылығын ерекше атап өтеді. Мысалы, хлор қосындысы бар «Део-Хлор» препаратының нұсқаулыққа сәйкес және сұйылту талаптарын қатаң сақтауы қажет. Қауіпсіз әрі тиімді болып, токсинсіз қалдықтарға дейін ыдырайтын — сутегі асқын тотығы, гуанидиндер немесе спирттер негізіндегі құралдарға басымдық берген жөн.
Дезинфекция — адамның денсаулығын сақтаудың алтын кілті, ол ешқашан зиян келтірмеуі тиіс. Сондықтан құралдардың мұқият таңдалуы мен жауапкершілікпен қолданылуы олардың тиімділігімен тең дәрежеде маңызды болып табылады.