Басты бетКөлік саласындағы санитариялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық диалог

Көлік саласындағы санитариялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық диалог

Көлік саласындағы санитариялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық диалог Көлік саласындағы санитариялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық диалог Көлік саласындағы санитариялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық диалог

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасы онлайн форматта кездесу өткізіп, оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көлік саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мен көлік шешімдері мен компоненттерін жеткізетін — «Stadler Минск» халықаралық компаниясы қатысты.

Кездесу барысында тараптар жолаушылар вагонын өндіру кезінде қауіпсіздік көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін қолданылатын материалдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өту талаптарын талқылады.

Онлайн форматтағы бұл өзара іс-қимыл мемлекеттік органдар мен халықаралық өндірістік компаниялар арасында тұрақты әрі жүйелі диалог орнатуға бағытталған кешенді жұмыстың маңызды бір бөлігі болды. Мұндай әріптестік санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық стандарттарды ұлттық тәжірибеге үйлесімді енгізуге ықпал етеді.