





Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы жанындағы Референс-зертхана еліміздегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) елдік кеңсесі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өкілдерін қабылдады.
Сапар аясында қонақтар зертхананың негізгі бағыттарымен, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдермен танысты. Зертхананың ғылыми-техникалық әлеуеті мен инфрақұрылымы халықаралық мамандар тарапынан жоғары бағаланды.
Бұл кездесу – Қазақстанда зертханалық қызметті дамытуға бағытталған ДДҰ мен БҰҰДБ-ның бірлескен бастамалары аясындағы маңызды қадам. Өзара тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстарды нығайту және ортақ мақсаттар жолындағы әріптестік – сапардың басты нәтижелерінің бірі болды.