Басты бетРеференс-зертхана ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады

Референс-зертхана ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады

Референс-зертхана ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады Референс-зертхана ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады Референс-зертхана ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы жанындағы Референс-зертхана өкілдері Ветеринария маманы күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысты. Мереке аясындағы бұл маңызды кездесу Республикалық ветеринариялық зертхана алаңында өтті.

Іс-шара барысында Референс-зертхана мен Республикалық ветеринариялық зертхана арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бірлескен зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, биологиялық және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заманауи диагностика мен мониторинг тәсілдерін жетілдіру бағытындағы жұмыстар күн тәртібіне қойылды.

Аталған әріптестік – зертханалық талдаулардың сенімділігін арттырып, елдің биоқауіпсіздік жүйесін нығайтуға және қоғам денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланады.