



Референс-зертханада ұжыммен өткен кезекті кездесуде моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, корпоративтік мәдениетті нығайту, іскерлік этика қағидаларын сақтау және еңбек ұжымындағы өзара сыйластықты қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында ұжым ішіндегі өзара құрметке негізделген сауатты қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы, әріптестерге сыйластықпен қарау, сондай-ақ кәсіби және этикалық орта қалыптастыру жолында әр қызметкердің жеке жауапкершілігі ерекше рөл атқаратыны атап өтілді.
Жиын барысында этика жөніндегі уәкіл Есмұхан Кинжитаев пен бас тәлімгер Айнаш Түсіпбекова баяндама жасап, іскерлік қарым-қатынастың негізгі ұстанымдарына, кері байланыстың рөліне, командалық қолдаудың маңыздылығына және кәсіби дәстүр сабақтастығына кеңінен тоқталды.
Мұндай кездесулер ұжым ішіндегі ортақ құндылықтарды бекемдеуге, бірлік пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ жұмыс барысында ортақ кәсіби көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.