Басты бетРеференс-зертханадағы Ашық есік күні

Референс-зертханадағы Ашық есік күні

Референс-зертханадағы Ашық есік күні Референс-зертханадағы Ашық есік күні Референс-зертханадағы Ашық есік күні Референс-зертханадағы Ашық есік күні Референс-зертханадағы Ашық есік күні

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Эпидемиологиялық сараптама орталығы» ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, сертификаттау ұйымдары мен агрохимия саласының өкілдері үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – ғылыми-зертханалық тәжірибені таныстыру, салалық ынтымақтастықты нығайту және азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Іс-шараның шымылдығы мекеме директоры Сәуле Шарипованың кіріспе сөзімен түрілді.

Бағдарлама аясында зертхана басшылары генетикалық түрлендірілген организмдерді (ГМО) анықтау әдістері, жануарлардың ДНҚ-сын сәйкестендіру, аллергендерді айқындау, ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі бактериологиялық зерттеулер, сондай-ақ жоғары дәлдікті әдістер арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайында мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен бірге пестицидтерді зерттеу, провайдерлік қызметтерді кеңейту және аккредитация саласын жаңа көрсеткіштермен толықтыру мәселелері қозғалды. Көтерілген тақырыптар қонақтардың ерекше ықыласын тудырып, кәсіби деңгейде мазмұнды пікірталасқа ұласты.

Ашық есік күніне «JFOOD.KAZAKHSTAN», «BAYER», «Достық Агрохимия», «STOLAB.KZ», ҚР АШМ «Республикалық ветеринариялық зертхана» сияқты жетекші ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар өнім сапасын қамтамасыз ету тәжірибелерімен бөлісіп, Референс-зертханамен әріптестіктің сенімді әрі маңызды екенін атап өтті.

Бағдарлама соңында қонақтарға зертханаларға экскурсия ұйымдастырылып, мамандардың жұмысы мен заманауи құрал-жабдықтардың мүмкіндіктері таныстырылды. Қатысушылар зертханалық зерттеулердің қоғам үшін нақты және практикалық маңыздылығына көз жеткізді.

Ашық есік күні тәжірибе мен білім алмасудың тиімді алаңына айналып, бизнес пен салалық құрылымдар арасындағы кәсіби байланысты одан әрі тереңдетті.