Басты бетРеференс-зертхана қызметкерлері жасанды интеллект жөніндегі стратегиялық брейнштормингке қатысты

Референс-зертхана қызметкерлері жасанды интеллект жөніндегі стратегиялық брейнштормингке қатысты

Референс-зертхана қызметкерлері жасанды интеллект жөніндегі стратегиялық брейнштормингке қатысты Референс-зертхана қызметкерлері жасанды интеллект жөніндегі стратегиялық брейнштормингке қатысты Референс-зертхана қызметкерлері жасанды интеллект жөніндегі стратегиялық брейнштормингке қатысты Референс-зертхана қызметкерлері жасанды интеллект жөніндегі стратегиялық брейнштормингке қатысты Референс-зертхана қызметкерлері жасанды интеллект жөніндегі стратегиялық брейнштормингке қатысты

Қарқынды дамып келе жатқан цифрлық дәуірде жасанды интеллект түрлі саладағы үдерістерді оңтайландыру мен тиімділікті арттырудың негізгі тетігіне айналуда.

Осы орайда ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінде «Жасанды интеллект: ҚР ПІБ жүйесіндегі жобалар портфелін қалыптастыру» тақырыбында стратегиялық брейншторминг ұйымдастырылды.

Іс-шараға Референс-зертхана қызметкерлері қатысып, зертханалық тәжірибеде жасанды интеллектті енгізу бойынша өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ұсынды. Бағдарлама ауқымды бағыттарды қамтыды: құрылыс, көлік инфрақұрылымы, медиа және медицина, ақпараттық технологиялар, ұйымдастырушылық қолдау, сатып алу, құқықтық сүйемелдеу, бюджеттеу, HR-процестер, құжат айналымы мен туризм.

Референс-зертхананың белсенді қатысуы ғылым мен медицинадағы жасанды интеллекттің ерекше рөлін көрсетеді. Заманауи цифрлық шешімдер диагностика үдерісін жеделдетіп, зерттеулердің дәлдігін арттыруға, сондай-ақ сапаның жаңа стандарттарын орнықтыруға жол ашады.

Бұл бастама ҚР ПІБ жүйесінде инновациялық экожүйе қалыптастырумен қатар, кешенді цифрлық трансформацияның маңызды кезеңі болып табылады. Мұндай қадамдар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашақтағы тұрақты дамуды қамтамасыз етеді.