Бүгін Қазақстанда алғаш рет Санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер күні аталып өтуде. Елдің эпидемиологиялық ахуалын жақсарту саласынды қызмет етіп жүрген сала мамандарының жұмысы кейде шеткері қалатыны жасырын емес. Айтулы күні BAQ.KZ тілшісі елордадағы ерекше зертханаға барып, ондағы мамандардың жұмысымен танысты. Елордада диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді (ПХБ) анықтаумен айналысатын мамандандырылған зертхана жұмыс істейді. Мұнда мамандар жоғары дәлдіктегі технологиялардың көмегімен су, топырақ және тағамда жиналуы мүмкін ең қауіпті токсиндер – диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді (ПХБ) анықтайды. Бұл – адам денсаулығына көрінбейтін қатердің алдын алуға бағытталған маңызды жұмыс.
Толығырақ:https://baq.kz/dioksinder-men-phb-elorda-galymdary-qauipti-udy-qalay-anyqtaydy-200021323/: