Басты бетРеференс-зертхана мен ҚР ПІБ МО Ауруханасының пульмонолог дәрігерлері арасындағы жұмыс кездесуі

Референс-зертхана мен ҚР ПІБ МО Ауруханасының пульмонолог дәрігерлері арасындағы жұмыс кездесуі

Референс-зертхана мен ҚР ПІБ МО Ауруханасының пульмонолог дәрігерлері арасындағы жұмыс кездесуі Референс-зертхана мен ҚР ПІБ МО Ауруханасының пульмонолог дәрігерлері арасындағы жұмыс кездесуі Референс-зертхана мен ҚР ПІБ МО Ауруханасының пульмонолог дәрігерлері арасындағы жұмыс кездесуі

Референс-зертхананың бастамасымен ҚР ПІБ МО Ауруханасының пульмонология бөлімінің дәрігерлерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуді зертхана директорының орынбасары Жазира Бирикулова бастап, оған аса қауіпті бактериялық және вирустық инфекциялар зертханасының меңгерушісі Сания Сарсенғалиева мен токсикология зертханасының меңгерушісі Назым Омарғалиев қатысты.

Мамандар зертхананың ғылыми-тәжірибелік әлеуетін таныстырып, инфекцияларды диагностикалау, токсикологиялық зерттеулер, санитариялық-гигиеналық талдаулардың пульмонолог дәрігерлермен ортақ жұмыстағы тиімділігі мен өзара ықпалдастығы кеңінен талқыланды.

Кездесу мазмұнды әрі сындарлы сипатта болғандықтан, болашақта бірлескен жобаларды дамытуға, серіктестікті нығайтуға және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға берік негіз болары сөзсіз.