
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары «Astana Clinic» ЖШС медицина қызметкерлеріне арнап оқыту семинарын өткізді. Шараның басты мақсаты – алдағы эпидемиологиялық маусымда жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту.
Кездесу барысында 2025–2026 жылғы маусымға медициналық ұйымдарды даярлау мәселелері қаралды: екпе бөлмелерін ұйымдастыру, қызметкерлер арасында маска режимін сақтау, сырқаттанушылық деңгейі артқан жағдайда нормативтік талаптарды орындау, сондай-ақ тұмауға ұқсас аурулар мен асқынған пневмония кезінде шектеу шараларын енгізу.
Семинардың арнайы бөлімі зертханалық диагностика тақырыбына арналды. Онда биоматериалды дұрыс алу, тасымалдау және сақтау тәртібі түсіндіріліп, халықтың осал топтарына арналған алдын алу тәсілдері сөз болды.
Іс-шара соңында «сұрақ-жауап» форматында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар эпидемиологиялық өршу кезеңінде профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды тиімді жүргізу жолдары жөнінде толыққанды түсініктеме алды.