




Референс-зертхананың бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының инфекциялық бөлімшесімен іскери кездесу өткізді.
Кездесуге зертхана атынан директордың орынбасарлары Жазира Биримкулова мен Гаухар Нусупбаева, сондай-ақ токсикология зертханасының, аса қауіпті инфекциялар зертханасының және паразитология зертханасының мамандары қатысты.
Мамандар өз қызмет бағыттары бойынша таныстырылым жасап, инфекциялық ауруларды диагностикалау, токсикологиялық және паразитологиялық зерттеулер бойынша ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, стационар дәрігерлерімен әріптестік орнату, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
Кездесу өзара түсіністік пен кәсіби әріптестік аясында өтіп, болашақтағы бірлескен жобалар мен медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған серіктестіктің берік негізін қалады.