Басты бетРеференс-зертхана мамандары - «Оян!» бағдарламасында

Референс-зертхана мамандары - «Оян!» бағдарламасында

Референс-зертхана мамандары - «Оян!» бағдарламасында

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасы мамандары «Хабар» телеарнасының «Оян!» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасына қатысып, залалсыздандыру шараларының маңыздылығы мен қауіпсіз жүргізу тәсілдері туралы кәсіби пікірлерімен бөлісті.

Бағдарлама барысында мамандар көпшілік жиі жіберетін қателіктерге назар аударып, дезинфекция мен қарапайым тазалық арасындағы айырмашылықты түсіндірді. Сондай-ақ, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу кезінде нені ескеру қажет, қандай құралдар мен әдістерді қолдану тиімді екені жөнінде нақты ұсынымдар берді.

Бұл сұхбат халықтың санитариялық сауаттылығын арттыруға және тұрмыстық деңгейде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

🔗 Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=iZrDjpCcIgE&list=PL2fW2KcN2CwP5uLgaIVSCiIC2zQwdgB4M&index=83