«Qazaqstan» телеарнасының «Қазір айтайық» бағдарламасы эфирінде энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың салдары мен денсаулыққа әсері тақырыбы сөз болды.
Бағдарлама барысында сарапшылар сусындардың құрамы, олардың адам ағзасына ықпалы, сондай-ақ артық пайдаланудың қауіпті тұстары жөнінде пікір білдірді.
Сюжетке ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасының фельдшер-лаборанты Абылай Қайратов қатысып, энергетикалық сусындардың құрамындағы негізгі заттар мен оларды жиі тұтынудың ықтимал салдарын жан-жақты түсіндіріп берді.
Сонымен қатар бағдарламада кеңінен таралған энергетикалық сусындардағы қант мөлшері зерттеліп, нәтижелері көрермен назарына ұсынылды. Сарапшылар зиянын азайту және тұтынудағы сақтық шаралары жөнінде пайдалы кеңестер берді.
Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады: https://qazaqstan.tv/videos/217745