Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы базасында медициналық қызметкерлерге грипп пен ЖРВИ-ге арналған зертханалық зерттеулер үшін биоматериалды дұрыс алу және тасымалдау тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.
Семинарға қабылдау бөлімінің дәрігерлері, ПМСП-1 және ПМСП-2 мамандары, мобильді бригаданың мейірбикелері, сондай-ақ инфекциялық бөлімшенің дәрігерлері мен мейірбикелері қатысты.
Оқыту барысында келесі мәселелер жан-жақты талқыланды:
- грипп пен ЖРВИ-дің клиникалық көріністеріндегі айырмашылықтар;
- биоматериалды дұрыс әрі қауіпсіз алу қағидалары;
- зертханалық үлгілерді тасымалдау және сақтау талаптары;
- медициналық ұйым мен Референс-зертхана арасындағы өзара әрекеттесу алгоритмдері;
- инфекциялық пациенттерден материал алу кезіндегі практикалық ерекшеліктер.
Мұндай оқыту семинарлары диагностика сапасын арттыруға, медициналық ұйымдар мен Референс-зертхана арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ грипп пен ЖРВИ-дің маусымдық өсуіне дер кезінде және тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.