ҚР ПІБ МО Референс-зертхана «Еуразия» бірінші арнасының «Аналитика» бағдарламасымен бірлесіп, балалар косметикасы мен балаларға арналған тауарларға кеңейтілген зерттеу жүргізді. Ең кішкентайларға арналған өнімдердің қауіпсіздігі – қоғам үшін аса өзекті әрі сезімтал мәселе, себебі мұндай тауарлардың сапасы бала денсаулығы мен даму қарқынына тікелей ықпал етеді.
Зерттеу барысында мамандар токсикологиялық талдау жүргізіп, үлгілерді ауыр металдардың, аллергендердің, таңбалаудың талапқа сай келмеуінің және өзге де ықтимал қауіпті компоненттердің бар-жоғына мұқият тексерді. Алынған нәтижелер нарықтағы барлық өнімнің міндетті қауіпсіздік талаптарына толықтай сәйкес келе бермейтінін көрсетті.
Мамандардың айтуынша, балаларға арналған тауарды таңдауда ерекше мұқият болу – әрбір ата-ана үшін өте маңызды. Ғылыми деректерге сүйенген сенімді ақпарат пен сапалы зертханалық бақылау жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға және балалардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
Бұл бірлескен материал «Аналитика» бағдарламасының эфирінде ұсынылып, көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан айтарлықтай қызығушылық тудырды.