Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысуды жалғастыруда. Бұл бастама экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ қалалық ортаның тазалығы мен көркем келбетін сақтауға бағытталған.
Кезекті кезең аясында зертхана қызметкерлері аумақты абаттандыру, маусымдық қоқыстарды жинау жұмыстарын атқарды. Зертхана аумағын таза, ұқыпты әрі қауіпсіз күйде сақтау – ұжымның экологиялық бағыттағы тұрақты қызметінің маңызды бөлігі.
Референс-зертхана алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» қозғалысын қолдауды жалғастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен оның сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларға өз үлесін қоса береді.