ҚР ПІБ МО Референс-зертханасында Ұлы Отан соғысының батыры, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай тағылымды, еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Референс-зертхананың ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Кинжитаев Есмұхан пен мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Тулебаева Жаннұр баяндама жасап, Бауыржан Момышұлының өнегелі өмір жолы, ел тарихындағы айрықша орны, сондай-ақ оның рухани мұрасының отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы мәні жөнінде кеңінен сөз қозғады.
Осындай тағылымды іс-шаралар тарихи сананы нығайтуға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге және мекеме қызметкерлері арасында ұлттық мұраға деген құрметті арттыруға септігін тигізеді.