Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасының маманы Жаникулова Саламат «Еуразия» бірінші арнасындағы «Доброе утро» таңғы бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, өзекті тақырып аясында пікір білдірді.
Эфир барысында ол балаларға арналған ойыншықтарды дұрыс таңдау жолдары, сатып алу кезінде ескерілуі тиіс негізгі талаптар жөнінде айтып, өнімдегі таңбалаудың (маркировка) маңыздылығына ерекше тоқталды. Сондай-ақ ойыншықтардың белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі, шығу тегі күмәнді тауарларды пайдаланудың ықтимал қауіптері туралы да кеңінен сөз қозғады.
Аталған сұхбат ата-аналар мен тұтынушылардың ақпараттану деңгейін арттыруға, балаларға арналған өнімдерді таңдауда саналы әрі жауапкершілікке негізделген көзқарас қалыптастыруға бағытталды.
Эфирдің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады:https://1tv.kz/kz/kayrlyi-tan-kazahstan/