2018 жылғы 8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының арасында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бильяр бойынша турнир өтті. Турнирға барлығы 8 команда қатысты. Турнир Олимпиадалық жүйе бойынша «Мәскеулік пирамида» ойынының қағидасы бойынша жүргізілді. Біздің команданың құрамында екі ойыншы қатысты:Құрымбаев Батырлан және Кошанов Сабит. Турнир нәтижесі бойынша ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК командасы үшінші орын алды. Бірінші және екінші орындар «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ және «ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК арасында бөлінді.