Сергек оянған таң – ол ертесін ерте тұрғандағы таңертеңгі уақыт. Ерте оянған болсаңыз, таңертеңгі мезгілді керемет тонуста өткізу оңай болады. Алайда, ерте ояну аз, таңертеңгі мезгілде сергек болу үшін оны жасау керек, дәлірек айтқанда, таңертеңгі сергекті қолдан жасау керек. Қалай? Сізге күлімсіреп тұру үшін және күнді оптимизммен бастау үшін бірнеше дәлелденген ұсыныстар ұсынамыз. Төсектен атып тұрмаңыз. Оятқышты әдеттегі уақыттан он минут бұрын шырылдайтындай етіп қойыңыз, көре алмаған түсіңіз туралы армандауға мүмкіндік беріңіз және ақырындап жаңа күнді бастаңыз. Жақсы нәрсе туралы ойланыңыз, денеңізді тәтті тартылу арқылы жылытыңыз, сіздің тапсырмаңыз - көңілді күнді іске қосу.
Физикалық жағдайдың оң күші эмоционалдық жағдайды оң жаққа айналдырады – ол дегеніміз жан мен денеде тұрақты жақсы жағдай пайда болады. Мысалы: аптасына 7 рет күлімсіреп оянамын, күнге, өзіме, жақындарыма, итіме де сәлемдесемін)). Таңертең төсектен тұрған соң өзімді сергек ұстап әдемі жүруге тырысамын. Сенбі мен жексенбіден басқа (бұл күндері өзіңізді еркелетуге болады) аптасына 5 күн бойы таңғы жаттығу жасаймын. Таңғы душ және ысқылау (сананы сергітеді) жасаймын. Көп жарықболғаны дұрыс: оянғаннан кейін барлық жердегі жарықты қосыңыз. Қазір тіпті арнайы жарық шамдар сатылады. Депрессияны емдеудің осындай әдісі де бар - жарық терапиясы деп аталады. Күні бойы да сіз күн сәулесін жеткілікті алатындыңызға көз жеткізіңіз. Жиі далаға шығыңыз немесе терезенің жанында отырыңыз.
Әрине, осы бір кішігірім табыс үшін өзіңізді марапаттаңыз. Егер кезекті таңертеңгілік "ерліктен" кейін сіз өзіңізге кішкене сыйлық жасасаңыз, онда бұл сіздің көңіл-күйіңізді көтереді және таңертеңгілік оянуға оң әсерін тигізеді. Күш – жігері үшін марапат алу және сіздің күш-жігеріңіз лайықты түрде сыйақыға ие болу деген ойлар – бұл керемет мотиватор. Ол жалқаулықпен күресуге мүмкіндік береді. "Сергек оянып, күлдімсіреу, ал музыкамен ояну одан да көңілдірек екенін ұмытпаңыз! Ал, орындай аламыз ба?"