ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы United Chemical Show халықаралық көрмесіне қатысты. Аталған көрме химия өнеркәсібі саласындағы Орталық Азия өңіріндегі ірі салалық алаңдардың бірі болып табылады.
United Chemical Show – химия өнеркәсібінің толық өндірістік циклін қамтитын кешенді халықаралық платформа. Көрме аясында химиялық және полимерлік шикізат, химиялық компоненттер, қосалқы материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ дайын химиялық өнім өндіруге дейінгі барлық бағыттар қамтылды. Іс-шараға химиялық өнімдер мен қызметтерді өндірушілер, заманауи технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілер, сондай-ақ түрлі елдерден келген салалық мамандар мен сарапшылар қатысты.
Көрме барысында Орталық зертханалық сүйемелдеу және бизнеске арналған сараптамалық бағалау саласындағы өз құзыреті мен мүмкіндіктерін таныстырды. Аталған іс-шара кәсіби байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға және салалық ұйымдар мен іскерлік қауымдастық өкілдерімен өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
«Бизнеске арналған кешенді зертханалық қызметтер» тақырыбында Орталық директордың орынбасары Нусупбаева Гаухар Есболатқызы баяндама жасады. Таныстырылым барысында Орталықтың негізгі қызмет бағыттары, көрсетілетін зертханалық қызметтер спектрі, сондай-ақ өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолданыстағы заңнама мен нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестікті сақтауға бағытталған тәсілдер ұсынылды.
United Chemical Show халықаралық көрмесіне қатысу ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының кәсіби коммуникацияларын кеңейтуге, нарық қатысушыларының Орталықтың мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға және салалық әрі іскерлік ортадағы сараптамалық беделін нығайтуға ықпал етті.